Университеттік госпиталі

Госпиталь жаңалықтары

Университеттік госпитальде жоғары технологиялық нейрохирургиялық операция жасалды

В Университетском госпитале проведена высокотехнологичная нейрохирургическая операция

🧠 «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде созылмалы ауырсыну синдромы бар пациентке жоғары технологиялық нейрохирургиялық операция жасалды.

Диагноз:
L4–L5 деңгейіндегі омыртқа өзегінің стенозына байланысты жүргізілген ламинэктомиядан кейінгі жағдай.

Операция:
Жұлын нейростимуляторының электродын имплантациялау.

Бұл — дәрі-дәрмекпен емдеуге жеткілікті жауап бермейтін созылмалы ауырсынуды емдеуде қолданылатын заманауи нейрохирургиялық әдіс. Оның негізгі мақсаты — арқа, аяқ немесе қол аймағындағы созылмалы ауырсыну синдромын азайту.

Операция барысында жұлынның эпидуралды кеңістігіне арнайы электродтар орналастырылады. Олар нейростимулятордан келетін әлсіз электр импульстарын жеткізіп, ауырсыну сигналдарының берілуін өзгертуге мүмкіндік береді.

Операцияны орындаған бригада:
Бөлім меңгерушісі — Смаилов Наиль Сергалиевич
Ассистент, емдеуші дәрігер — Рахимжанов Каримжан Нурланович
Анестезиолог — Оринбасаров Манас Махмутович
Операциялық мейіргер — Заканкызы Шынар

Операция сәтті орындалып, қазіргі уақытта пациентке қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Госпиталь директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің госпиталь туралы пікіріңізді қалдырыңыз