Университеттік аурухана

Гастроэнтерология бөлімі

Гастроэнтерология бөлімі

КеАҚ «СМУ» Университеттік госпиталінің гастроэнтерология бөлімі – ас қорыту ағзалары мен бауыр аурулары бар пациенттерге білікті медициналық көмек көрсететін мамандандырылған бөлімше болып табылады.

2024 жылдан бастап бөлімде гепатологиялық орталықтың ашылуы аясында жаңа мәртебеде жұмыс істейді, бұл диагностикалық және емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Бөлім 40 төсек-орынға есептелген және тәулік бойы жұмыс істейді, жоспарлы және шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз етеді.

Қандай жағдайда жүгінуге болады

Бөлімде келесі аурулары бар пациенттерге диагностика, емдеу және бақылау жүргізіледі:
• вирустық гепатиттер (В, С және басқа созылмалы түрлері)
• бауыр циррозы, фиброз, майлы гепатоз
• бауырдың аутоиммундық және уытты зақымданулары
• асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы
• ішектің қабыну аурулары (Крон ауруы, ойық жаралы колит)
• гастриттер, колиттер, энтероколиттер
• ұйқыбез аурулары, соның ішінде созылмалы панкреатит
• асқазан-ішек жолдары ағзаларына жасалған операциялардан кейінгі жағдайлар

Диагностика және емдеу

Бөлімде диагностика мен емдеудің заманауи әдістері қолданылады:
• зертханалық және аспаптық зерттеулер
• бауыр эластометриясы (фиброз дәрежесін инвазивті емес бағалау)
• кешенді дәрі-дәрмектік терапия
• жеке емдеу және бақылау бағдарламалары

Пациенттер мамандардың тұрақты бақылауында болады, бұл емдеуді уақтылы түзетуге және тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біздің мамандар

Бөлімде жоғары біліктілігі және көпжылдық тәжірибесі бар тәжірибелі дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер тобы жұмыс істейді.

Бөлім меңгерушісі – Жылкыбаева Карлыгаш Шариповна, жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі 35 жылдан асады. Жоғары кәсібилігі мен гастроэнтерологияны дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше рет ведомстволық және кәсіби марапаттарға ие болған.

Бөлім дәрігерлері:

  • жоғары және бірінші санатты мамандар
    • 10 жылдан 20 жылға дейін және одан да көп еңбек өтілі бар
    • тұрақты түрде біліктілігін арттырады және кәсіби қауымдастықтарға қатысады

Орта буын медициналық персонал да жоғары дайындық деңгейіне ие, оның ішінде жоғары санатты және үлкен тәжірибесі бар мамандар бар.

Бөлімнің артықшылықтары

  • Пациенттерге тәулік бойы көмек көрсету
    • Жоғары білікті мамандар командасы
    • Бауыр және асқазан-ішек жолы ауруларын диагностикалаудың заманауи әдістері
    • Әр пациентке жеке көзқарас
    • Емдеудің жоғары тиімділігі және тұрақты клиникалық көрсеткіштер
    • Медицинаның жаңа технологияларын үздіксіз енгізу және дамыту

Навигация мәзірі

Аурухана директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің аурухана туралы пікіріңізді қалдырыңыз