Университеттік аурухана

Ересектер стационарының оториноларингология бөлімі

Ересектер стационарының оториноларингология бөлімі

КеАҚ «СМУ» Университеттік госпиталінің оториноларингология бөлімі – құлақ, тамақ және мұрын аурулары бар пациенттерге жоғары білікті медициналық көмек көрсететін хирургиялық бейіндегі мамандандырылған бөлімше болып табылады.

Бөлім 20 төсек-орынға есептелген және Абай облысы мен Семей қаласы тұрғындарына тәулік бойы шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді.

Қызметтің негізгі бағыттары:
Бөлімнің негізгі міндеті – ЛОР-ағзалар ауруларын заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып диагностикалау және емдеу. Дәрігерлер шұғыл және жоспарлы түрде көмек көрсетіп, емдеудің жоғары қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етеді.

Бөлімде келесі хирургиялық араласулар орындалады:
• тонзиллэктомия (таңдай бадамшаларын алып тастау);
• аденотомия (аденоидтарды алып тастау);
• септопластика (мұрын қалқасын түзету);
• мұрын қуысы маңы қойнауларының функционалдық эндоскопиялық хирургиясы (FESS);
• ортаңғы құлаққа жасалатын операциялар, соның ішінде тимпанопластика.

Бөлім заманауи емдеу әдістерін белсенді түрде енгізуде:
– операциялық микроскопты қолдана отырып құлақ микрохирургиясы;
– мұрын қуысы маңы қойнауларының эндоскопиялық хирургиясы;
– есту қабілеті бұзылған науқастарға BoneBridge сүйек өткізгіш импланттарын орнату.

Кадрлық потенциал:

Бөлімде үлкен практикалық тәжірибесі бар білікті мамандар тобы жұмыс істейді. Дәрігерлердің жоғары, бірінші және екінші біліктілік санаттары бар. Орта буын медициналық персонал да жоғары кәсіби дайындыққа ие және тұрақты түрде біліктілігін арттырып отырады.Қызметкерлер үнемі кәсіби білімін жетілдіріп, емдеудің заманауи тәсілдерін енгізуге мүмкіндік береді.

Бөлім жұмысы тұрақты және оң динамикамен сипатталады:
– төсек айналымы – 44 (норматив 28–32);
– орташа емделу ұзақтығы – 7,0 күн (республикалық көрсеткіштен төмен – 8,8 күн);
– төсек-күн жоспарының орындалуы – 94,2%;
– төсек жұмысы – 306 күн.

Бөлім төсек қорын тиімді пайдалану және емдеу мерзімін оңтайландыру көрсеткіштерін жоғары деңгейде көрсетеді.

Дәрігерлер оқу және ғылыми қызметке белсенді қатысады:
– резидент дәрігерлерді оқыту және тәжірибе алмасу;
– клиникалық талқылаулар мен емдеу процесіне қатысу;
– республикалық және халықаралық конференциялар, семинарлар мен конгрестерге қатысу.

Бөлімде жоғары технологиялық емдеу әдістері сәтті енгізілген. Атап айтқанда, есту қабілеті бұзылған науқастарға BoneBridge импланттарын орнату операциялары жасалып, тимпанопластика бойынша мастер-класстар өткізілді.

Бөлімнің әрі қарай дамуы және медициналық көмектің мүмкіндігін кеңейту мақсатында заманауи эндоскопиялық жабдық пен операциялық микроскоп сатып алу жоспарлануда.

Навигация мәзірі

Аурухана директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің аурухана туралы пікіріңізді қалдырыңыз