Мастер-классқа Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының Нефрологиялық орталығының бөлім меңгерушісі, дәрігер-нефролог, хирург Ли Вячеслав Ревович арнайы қатысты.
Маманның медицина саласындағы 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
Мастер-класс барысында гемодиализ алатын пациенттерге арналған артериовенозды фистуланы (АВФ) қалыптастыру және АВФ-ны ревизиялау бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.
Барлығы 13 пациентке медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта пациенттердің жағдайы тұрақты, барлық қажетті медициналық көмек пен ем қабылдауда.
Мұндай мастер-кластар тәжірибе алмасуға, заманауи хирургиялық әдістерді тәжірибеде меңгеруге және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
