«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде алдағы аккредиттеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Дайындық аясында аккредиттеу сарапшылары госпиталь қызметкерлері үшін бірқатар трассерлік обходтар мен оқыту сабақтарын өткізді. Кездесулер барысында аккредиттеу талаптары түсіндіріліп, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты негізгі бағыттар талқыланды.
Қазіргі уақытта госпиталь ұжымы белгіленген талаптарға сәйкес дайындық жұмыстарын жалғастырып, білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруде. Негізгі міндеттер мен мақсаттар айқындалып, жүйелі дайындық жүргізілуде.
Дайындық жұмыстары Денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша аккредиттеу орталығының (ACQH) талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.
