Университеттік госпиталі

Тәтті өмір — бақылауда

Тәтті өмір — бақылауда

Балалар мен ата-аналарға арналған қант диабеті мектебі. Қант диабетімен ауыратын балалар мен олардың отбасыларының білімін, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыруға және өмір сапасын арттыруға арналған білім беру бағдарламасы.

Тәтті өмір — бақылауда

Өзектілігі

Уақтылы оқыту асқынулар қаупін азайтуға, ауруды бақылауды жақсартуға және баланың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Кімдерге арналған

Қант диабетімен ауыратын балаларға, олардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне арналған.

Сабақтардың мақсаты

Ауру туралы білімді арттыру, өзін-өзі бақылау дағдыларына, тамақтану ережелеріне, дене белсенділігіне және асқынулардың алдын алуға үйрету.

Сабақ форматы

Эндокринолог, мейіргер, диетолог және психологтың қатысуымен дәрістер, практикалық сабақтар және жеке консультациялар.

Кестесі және өткізілетін орны

Сабақтар бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі. Кесте сайтта жарияланады және госпиталь бөлімдерінде орналастырылады.

Жауапты бөлімше

Пациенттерді қолдау және медициналық қызметтер сапасын ішкі бақылау қызметі бейінді бөліммен бірлесіп.

Негізгі тақырыптар

  • Глюкоза деңгейін өзін-өзі бақылау және күнделік жүргізу
  • Тамақтану: көмірсуларды санау және тамақтану режимі
  • Дене белсенділігі және қауіпсіз жүктемелер
  • Қант диабетінің асқынуларының алдын алу
  • Дәрігерге қашан жүгіну керек

Пайдалы материалдар

Мектептің жадынамалары, ұсыныстары мен презентациялары жариялауға дайындалуда және келісілгеннен кейін осы жерде орналастырылады.
Сабаққа жазылуКестені нақтылап, жазылу үшін телефон:8 (702) 419-74-28

← Барлық денсаулық мектептері

Навигация мәзірі

Госпиталь директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің госпиталь туралы пікіріңізді қалдырыңыз