«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде жүрек қақпақшалары ауруларын заманауи емдеу әдістерінің бірі — TAVI (транскатетерлік аорталық қақпақшаны имплантациялау) бойынша мастер-класс өтті.
Мастер-класс аясында 2 пациентке TAVI процедурасы орындалды.
Мастер-классқа жетекші мамандар қатысты:
Мусаев Абдурашид Абдуганиевич — интервенциялық кардиолог, PhD, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың катетеризация зертханасының меңгерушісі.
Алимбаев Серик Алмазович — кардиохирург, интервенциялық кардиолог, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер.
Мастер-класс барысында мамандар TAVI жүргізудің практикалық аспектілерімен бөлісіп, пациенттерді іріктеу, процедураны орындау және операциядан кейінгі жүргізу мәселелерін талқылады.
Осындай практикалық мастер-кластар мамандардың тәжірибе алмасуына, заманауи технологияларды меңгеруіне және кардиологиялық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
