Университеттік госпиталі

Госпиталь жаңалықтары

Кардиологиядағы жаңа технологиялар

«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде жүректің өткізгіш жүйесін стимуляциялау — Conduction System Pacing (CSP) технологиясын қолдана отырып, жаңа буын құрылғыларын имплантациялау бойынша операциялар жүргізілді.

‍ Мастер-класс Краков қаласынан (Польша) келген профессор Krzysztof Boczar, MD, PhD жетекшілігімен өтті.

Операциялар барысында BIOTRONIK компаниясының жүрек соғу жиілігін ағзаның физиологиялық қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік беретін CLS технологиясы бар электрокардиостимуляторлары қолданылды.

Мастер-класс барысында мамандар заманауи кардиологиялық технологияларды клиникалық тәжірибеде қолдану бойынша тәжірибе алмасты.

Заманауи технологиялар — пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру жолында.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Госпиталь директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің госпиталь туралы пікіріңізді қалдырыңыз