«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы маңызды кезең жүзеге асырылды.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Госпитальдық фармация бөлімі дәрілік заттармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау және медициналық көмекті фармацевтикалық сүйемелдеу үдерістерін біріктіретін жаңа форматта жұмысын бастады.
Бүгінде ГФБ қызметі дәрілік заттарды қабылдау, сақтау және беру жұмыстарымен ғана шектелмейді.
Қызметтің маңызды бағыттарының бірі — дәрілік ерітінділерді қауіпсіз дайындауды және сұйылтуды ұйымдастыру, асептика талаптарын сақтау, дәрілік заттарды дайындау технологиясын дұрыс орындау, сондай-ақ препараттарды сақтау және құрылымдық бөлімшелерге тасымалдау талаптарын қамтамасыз ету.
Біздің жұмысымыз — пациент қауіпсіздігі, дәрілік терапияның сапасы және медициналық көмектің тиімділігі үшін.
