💙 Әрбір жылы сөз бен шынайы алғыс — медицина қызметкерлері үшін үлкен қолдау.
Университеттік госпитальдің пациенті ем қабылдау барысында көрсетілген медициналық көмек үшін дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне өз алғысын білдіреді.
Пациенттердің ризашылығы — өз ісімізге деген жауапкершілігіміз бен еңбегіміздің бағасы.
Сенім білдіріп, жылы лебізін жеткізген пациентімізге алғысымызды білдіреміз!
