Университеттік госпиталі

Госпиталь жаңалықтары

1 қазан — Халықаралық қарттар күні

1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Іс-шара «SENIM» кәсіподақ ұйымымен бірлесіп өткізілді.

Мерекелік іс-шара барысында Университеттік госпиталь директоры Азизов Бауыржан Слямович денсаулық сақтау саласының ардагерлерін айтулы күнмен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілектерін білдірді.

Сонымен қатар, Университеттік госпитальдің кәсіподақ ұйымы атынан Роза Рахимжановна ардагерлерге өз жылы лебізін білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Қонақтарға арнайы сыйлықтар табысталып, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама ұсынылды.

Мерекелік кеш аға буын өкілдеріне деген құрмет пен алғысты білдіретін жылы атмосферада өтті.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Госпиталь директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің госпиталь туралы пікіріңізді қалдырыңыз