2026 жылғы 1 қазанда «ЖЕР-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде сағат 10:00-де сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында жер сілкінісі болған жағдайда атқарылатын іс-қимылдар пысықталды: қызметкерлер мен пациенттерді хабардар ету, пациенттер мен госпиталь қызметкерлерін қауіпсіз жерге эвакуациялау, сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі персоналдың практикалық әрекеттері қарастырылды.
Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты — Университеттік госпиталь қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларын бекіту, барлық құрылымдық бөлімшелерді хабардар ету жүйесінің жұмысын тексеру, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде объектілік құралымдардың (өртке қарсы, құтқару және медициналық) іс-қимылдарын пысықтау.
