☀️ «Салауатты жаз» акциясы аясында «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің мамандары халық арасында жарақаттанудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жаз мезгілі — белсенді демалыс, саяхат, спортпен шұғылдану және таза ауада серуендеу уақыты. Сонымен қатар дәл осы кезеңде тұрмыстық, көшедегі, спорттық және балалар жарақаттарының қаупі артады.
Акцияның негізгі мақсаты — қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салу, жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз:
✔️ жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;
✔️ балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
✔️ спортпен шұғылдану кезінде қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз;
✔️ су жағасында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;
✔️ өз денсаулығыңызға және айналаңыздағы жағдайға мұқият болыңыз.
💙 Қауіпсіз жаз — өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараудан басталады.
