Университеттік аурухана

Аурухана жаңалықтары

Нейромониторинг қолданылған бірегей операция — Абай облысында екінші жағдай

Уникальная операция с нейромониторингом — вторая в области Абай

«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде жоғары технологиялық операция — интраоперациялық нейромониторингті қолдана отырып жұлын құрылымдарына декомпрессия жасау бойынша шеберлік сабағы өтті.

Бұл технология хирургиялық араласу кезінде жүйке құрылымдарының зақымдану қаупі жоғары болатын жүйке жүйесінің күрделі аурулары мен жарақаттарында қолданылады. Нейромониторинг операция барысында жүйкелер мен жұлынның жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл операциядан кейінгі асқынулардың қаупін едәуір төмендетіп, хирургиялық емнің қауіпсіздігін арттырады.

Әдіс келесі жағдайларда қолданылады:
✔ жұлын ісіктерінде;
✔ шеткері жүйкелердің зақымдануларында;
✔ омыртқаға жасалатын күрделі операцияларда;
✔ жүйке ұштарының зақымдану қаупі жоғары хирургиялық араласуларда.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Аурухана директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің аурухана туралы пікіріңізді қалдырыңыз