«Менің сүйікті дәрігерім» республикалық флешмобы
Маратбек Тоқанұлы Аубакиров — медицина саласына 45 жылдан астам ғұмырын арнаған балалар хирургы. 1976 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын тәмамдағаннан кейін балалар емханасының дәрігерінен өңірдегі жетекші мамандардың біріне дейінгі кәсіби жолдан өтті.
Медицина ғылымдарының кандидаты, 140 ғылыми еңбектің және 15 авторлық куәліктің авторы. 2012 жылы Семей қаласында неонаталдық хирургиялық қызметті ұйымдастырушылардың бірі болып, нәтижесінде туа біткен даму ақаулары бар нәрестелер арасындағы өлім-жітімді айтарлықтай төмендетуге үлес қосты.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған, «Алтын скальпель» номинациясының иегері. Оның кәсіби шеберлігі, өз ісіне адалдығы және балалар хирургиясын дамытуға қосқан зор үлесі әріптестерінің құрметіне және мыңдаған пациенттердің алғысына ие болды.
