«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің ұжымы барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесі — Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтайды!
Адам өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жауапты әрі абыройлы қызметтеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз, адал еңбектеріңіз, жанашырлық пен мейірімге толы қызметтеріңіз қоғам үшін ерекше маңызға ие.
Осы мерейлі күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, кәсіби жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігіне қызмет етіп, халықтың алғысы мен құрметіне бөлене берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
