Университеттік аурухана

Аурухана жаңалықтары

МӘМС неліктен ынтымақтастық жүйесіне негізделген?

Почему ОСМС основана на принципе солидарности?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды кейде жеке шот ретінде қабылдайды: адам тұрақты түрде жарна төлеп, шамамен өзі төлеген сомаға тең медициналық қызмет аламын деп күтеді. Әлеуметтік желілерде МӘМС жүйесін жойып, жеке жинақ шоттарына көшуді немесе бұрынғы бюджеттік модельге қайта оралуды ұсынатын пікірлер де жиі кездеседі.

Алайда денсаулық сақтау саласындағы негізгі экономикалық заңдылық қарапайым: медицина неғұрлым заманауи болған сайын, оның құны да соғұрлым жоғары болады.

Елестетіп көріңізші: сіз тұрақты түрде жарна төлеп, бұл қаражат болашақта өзіңізді емдеуге қажет болады деп ойлайсыз. Ал егер сізге күрделі ота немесе қымбат емдеу қажет болса ше?

Орташа көрсеткіштерге сүйенсек:
🔹 жұмысы бар азамат жылына шамамен 276 780 теңге аударады;
🔹 дербес төлеуші — 51 000 теңге.

Отбасыңызда бала, жасы үлкен ата-ана ауырып қалса немесе шұғыл медициналық көмек қажет болса, бұл қаражат жете ме? Әрине, жетпейді. Ауыр дертті емдеу құны жеке жинақтан бірнеше есе көп болуы мүмкін.

Материалға берілген суреттерде жиі кездесетін әрі ең қымбат емдеу түрлерінің нақты бағасын көрсеттік.

Қазақстанда МӘМС жеке жинақ шоты емес, ынтымақтастық қағидаты бойынша жұмыс істеуінің себебі де осы:
☑ Барлық жарналар ортақ қорға біріктіріледі.
☑ Медициналық көмектің көлемі сіз аударған төлемдердің сомасына емес, медициналық көрсетілімдерге байланысты белгіленеді.
☑ Ауыр дерт жағдайларынан туындайтын үлкен шығындар миллиондаған қатысушы арасында бөлініп, әрбір отбасын қаржылық ауыртпалықтан қорғауға мүмкіндік береді.

«Ал ақшаның жұмсалуын бақылау қалай жүзеге асады?»

Қаражаттың қайда жұмсалатынын бақылау үшін жүйені жинақтаушы модельге ауыстырудың қажеті жоқ. Қорда «халықтық бақылау» тетігі іске қосылуда: eGov Mobile және Жеке кабинет арқылы көрсетілген медициналық қызметтердің тарихын, олардың құнын көруге, қабылдауды растауға және дәрігерлердің жұмыс сапасын бағалауға болады.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Аурухана директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің аурухана туралы пікіріңізді қалдырыңыз