Университеттік аурухана

Аурухана жаңалықтары

Эндоваскулярлық кардиохирургия және TAVI бойынша мастер-классты Абдурашид Мусаев өткізді

Мастер-класс по эндоваскулярной кардиохирургии и TAVI провёл Абдурашид Мусаев

Мастер-классты жүрек-қантамыр хирургиясы және эндоваскулярлық араласулар саласының маманы, жүрекке жоғары технологиялық операцияларды орындауда мол тәжірибесі бар Абдурашид Абдуғаниевич Мусаев өткізді.

Мастер-класс барысында жүрек-қантамыр ауруларын емдеудің заманауи эндоваскулярлық әдістері көрсетілді. Атап айтқанда, кеуде қуысын тіліксіз орындалатын жоғары технологиялық араласулардың бірі — TAVI, аорталық қақпақшаны транскатетерлік имплантациялау әдісі таныстырылды. Бұл әдіс ауыр аорталық стенозы бар пациенттер үшін ашық операцияға тиімді балама болып табылады.

Мұндай мастер-кластар дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, заманауи технологияларды клиникалық тәжірибеге енгізуге және өңірдегі жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмекті одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Аурухана директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің аурухана туралы пікіріңізді қалдырыңыз