Жазғы демалыс кезінде балалардың белсенділігі артып, түрлі жарақат алу қаупі де жоғарылайды. Сондықтан олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу маңызды.
☑ Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
☑ Ойын алаңдары мен велосипед, самокат тебетін орындардың қауіпсіздігін қадағалаңыз;
☑ Жол қозғалысы ережелерін үйретіңіз;
☑ Терезелер мен балкондарға қорғаныш құралдарын орнатыңыз;
☑ Үйдегі қауіпті заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Есіңізде болсын: жарақаттың алдын алу – оны емдеуден әлдеқайда тиімді.
💙 Баланың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
