Университеттік аурухана

Аурухана жаңалықтары

Университеттік госпитальде тимпанопластика бойынша шеберлік сабағы өтті

Мастер-класс по тимпанопластике прошел в Университетском госпитале

📍 Заманауи технологиялар — пациенттер денсаулығының игілігі үшін!

24–25 маусым күндері «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің оториноларингология бөлімшесінің базасында жоғары санатты жетекші дәрігер-оториноларингологтар, LOR STATUS клиникасының директорлары, Халықаралық ақпараттандыру академиясының (МАИН) корреспондент-мүшелері Александр Валерьевич Обвинцев пен Акерке Серихановна Обвинцеваның жетекшілігімен тәжірибелік шеберлік сабағы өтті.

Шеберлік сабағы аясында дабыл жарғағын қалпына келтіруге, ортаңғы құлақтың созылмалы қабынуының салдарын жоюға және пациенттердің есту қабілетін жақсартуға бағытталған жоғары технологиялық 3 тимпанопластика операциясы сәтті орындалды.

👨‍⚕️ Операцияларды жүргізуге Университеттік госпиталь мамандары белсенді қатысты:
🔹 Әуенов Әділет Әуенұлы
🔹 Рахымбаев Мерей Мейрамбекұлы
🔹 Еркетаева Ақерке Хасенқызы

✅ Барлық операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында пациенттер үшін тегін жүргізілді.

Тәжірибелік бөлімнен бөлек, «Мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнауларының түзілістері» тақырыбында білім беру дәрісі ұйымдастырылып, оның барысында қатерсіз және қатерлі түзілістерді диагностикалаудың, дифференциалды диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістері қарастырылды.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Аурухана директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің аурухана туралы пікіріңізді қалдырыңыз