2026 жылғы 26–27 қыркүйекте «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде жетекші мамандардың қатысуымен кардиохирургия бойынша мастер-класс өтті.
Мастер-класс аясында 4 кардиохирургиялық операция орындалды.
Орындалған хирургиялық араласулардың қатарында:
— митральды қақпақшаның аннулопластикасы;
— митральды қақпақшаны тіндік трансплантатпен ауыстыру;
— аорталық қақпақшаға жасалған хирургиялық араласулар және жүрек пен перикардқа жасалған басқа да операциялар.
Мастер-классты Райханов Мурат Арыстанович — кардиохирург, Павлодар облысының штаттан тыс бас кардиохирургы, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі жүргізді.
Мастер-классқа сондай-ақ Сальменбаев Ерлан Ауелгазиевич — кардиохирург, Абай облысының штаттан тыс бас кардиохирургы, «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі қатысты.
Мастер-класс мамандарға тәжірибе алмасып, жүрек қақпақшалары ауруларын хирургиялық емдеудің заманауи тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді.
