🧠 «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде функционалдық және стереотаксиялық нейрохирургия саласындағы жетекші мамандардың бірі, Беларусь нейрохирургы Владимир Владимирович Алексеевецтің жетекшілігімен нейростимуляторларды имплантациялау бойынша шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сабағы барысында резиденттер мен дәрігерлер созылмалы нейропатиялық ауырсынуды хирургиялық емдеудің заманауи әдістерімен, сондай-ақ миды терең стимуляциялау жүйелерін (DBS) және жұлын нейростимуляторларын (SCS) имплантациялау технологияларымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Тәжірибелік бөлімнен бөлек, қатысушыларға функционалдық нейрохирургиядағы заманауи тәсілдер, клиникалық тәжірибе алмасу және озық технологияларды медициналық тәжірибеге енгізу мәселелеріне арналған дәріс өткізілді.
Мұндай білім беру іс-шаралары мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, инновациялық емдеу әдістерін енгізуге және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.
