Университетский госпиталь

Новости госпиталя

Университет ауруханасының дәрігерлері үш жасар баланың өмірін сақтап қалды.

«СМУ» КеАҚ Университеттік госпиталінде 2022 жылы туған кішкентай пациентке көрсетілген ем сәтті аяқталды. Науқас 2026 жылдың 8 сәуірінде өте ауыр жағдайда түскен.
Бала стационарға келіп түскен кезде диагнозы: ауыр ағымды ауруханадан тыс интерстициалды пневмония, ми ісінуімен асқынған, сонымен қатар қабыну үдерістері қатар жүрген. Қабылдау кезінде жағдайы аса ауыр деп бағаланып, пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған күйде реанимация бөлімінде ем қабылдады.

Дәрігерлердің үйлесімді жұмысы, жоғары кәсібилігі және медициналық персоналдың тәулік бойғы бақылауының арқасында баланың жағдайын тұрақтандыру мүмкін болды. 18 сәуір күні пациент реанимация бөлімінен профильді бөлімшеге ауыстырылды.

2026 жылдың 23 сәуірінде толық емдеу және тексеруден кейін оң динамикамен, әрі қарай бақылауға арналған қажетті ұсыныстармен үйіне шығарылды.

Бұл жағдай госпиталь мамандарының жоғары біліктілігін, жауапкершілігін және өз ісіне адалдығын тағы бір мәрте дәлелдейді.
Науқастардың денсаулығы — біздің басты басымдығымыз ❤️

Поделиться:

Меню навигации