Университеттік аурухана

Аурухана жаңалықтары

Рентгенэндоваскулярлық зертхана: заманауи диагностика және ем

Рентгенэндоваскулярная лаборатория: современная диагностика и лечение

«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің рентгенэндоваскулярлық зертханасы – жүрек-қантамыр ауруларын аз инвазивті әдістермен диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық медициналық көмектің заманауи бағыты.

Зертханада қан ағымын қалпына келтіруге, коронарлық артериялар ауруларын және басқа да тамырлық патологияларды емдеуге бағытталған заманауи эндоваскулярлық араласулар жүргізіледі.

🔬 Мұндай әдістердің басты артықшылықтары – жарақаттылықтың төмендігі, оңалту кезеңінің қысқаруы және күрделі ашық операцияларға қажеттілікті азайта отырып, пациенттерге тиімді медициналық көмек көрсету мүмкіндігі.

Заманауи жабдықтар, мамандардың кәсібилігі және озық технологияларды тұрақты түрде енгізу медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

❤️ «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталі – пациенттердің денсаулығы үшін заманауи технологиялар.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Аурухана директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің аурухана туралы пікіріңізді қалдырыңыз