16 қазанда «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің педиатрия бөлімінде «Қызыл код» жарияланған кездегі қызметкерлердің іс-қимылдары бойынша оқыту және практикалық жаттығу өткізілді.
Іс-шара барысында келесі іс-қимылдар пысықталды:
• Шартты өртті сөндіру және өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер мен өрт гидранттарын) пайдалану.
• Өрт сөндіру қызметін және госпитальдің қауіпсіздік қызметін шақыру.
• Электр энергиясын ажырату.
• Пациенттер мен бөлімше қызметкерлерін эвакуациялау.
Шартты өртті сөндіру бойынша оқыту мен жаттығуға педиатрия бөлімінің жұмыс істеп жатқан қызметкерлерінің 100%-ы қатысты.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыруға және пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
