💙 Пациенттердің алғысы — медицина қызметкері үшін ең жоғары марапат.
«Менің сүйікті дәрігерім» республикалық флешмобы аясында «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің пациенттері күн сайын адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға еңбек етіп жүрген дәрігерлерге, мейіргерлерге және барлық медицина қызметкерлеріне алғыс сөздерін білдіруде.
Кәсібилік, қамқорлық, жанашырлық және өз ісіне деген адалдық пациенттерімізге ауруды жеңіп, қалыпты өмірге қайта оралуға көмектеседі.
Пациенттерімізге сенімі мен жылы лебіздері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ госпиталь қызметкерлеріне жанқиярлық еңбегі, мейірімділігі және медициналық көмектің жоғары сапасы үшін ризашылығымызды жеткіземіз.
