Университеттік аурухана

Аурухана жаңалықтары

Интервенциялық аритмология бойынша мастер-классты Өмірбек Нуралинов өткізді

Мастер-класс по интервенционной аритмологии провёл Омирбек Нуралинов

🩺 Мастер-классты Қазақстанның белгілі дәрігер-кардиологы, кардиохирург, интервенциялық аритмолог, Астана қаласындағы UMC Жүрек орталығының интервенциялық аритмология бөлімшесінің меңгерушісі Нуралинов Өмірбек Мұздарұлы өткізді.

Шеберлік сабағы барысында жүрек ырғағы бұзылыстарын диагностикалау мен емдеудің заманауи интервенциялық әдістері көрсетіліп, күрделі клиникалық жағдайлар талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар жоғары технологиялық операциялардың орындалу кезеңдерімен танысып, тәжірибелік білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

Мұндай мастер-кластар дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, өңірде жоғары технологиялық кардиологиялық көмектің дамуына және пациенттерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасының артуына ықпал етеді.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Аурухана директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің аурухана туралы пікіріңізді қалдырыңыз