Гибридті және тамырлық хирургия бөлімінің негізгі бағыттарының бірі — қан тамырлары аурулары бар пациенттерге заманауи хирургиялық көмек көрсету және аяқ-қолды сақтап қалуға мүмкіндік беретін емдеу әдістерін қолдану.
Мұнда әр пациенттің жағдайы жеке қарастырылып, дәрігерлер бірлесіп емдеу тактикасын анықтайды.
Тамырлық хирургиямен қатар, мамандар трофикалық жараларды емдеу және пациенттерді кешенді жүргізу бағытында да тәжірибелерін жетілдіруде.
Нәтижелі емнің негізі — тәжірибелі мамандардың бірлескен жұмысы, өзара сабақтастық және командалық тәсіл.
Гибридті және тамырлық хирургия бөлімі — заманауи технология, тәжірибе және ең бастысы, пациент үшін ортақ мақсат.
