«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде ұлттық аккредиттеуге дайындық жұмыстары жалғасуда.
Дайындық аясында қызметкерлерге түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік кодтары мен іс-қимыл алгоритмдеріне арналған ақпараттық бейнематериалдар әзірленді.
САРЫ КОД — ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАР
Бұл материалда химиялық және дезинфекциялық заттар төгілген кездегі қызметкерлердің іс-қимыл алгоритмі, оның ішінде аумаққа кіруді шектеу, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану, химиялық заттарды жинау және кәдеге жарату тәртібі көрсетілген.
Ақпараттық материалдар қызметкерлерге белгіленген іс-қимыл алгоритмдерін меңгеруге және бекітуге мүмкіндік береді. Бұл пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
