Ағза донорлығы — трансплантацияны қажет ететін пациенттерге медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды бағыт.
Донорлыққа қатысты шешім әр адамның жеке, ерікті және саналы таңдауы болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары ағзалар мен тіндерді донорлыққа беру мәселесіне қатысты өз шешімін eGov порталы арқылы білдіре алады.
Бұл тақырып туралы ақпараттану — әр азаматтың өз шешімін саналы түрде қабылдауына мүмкіндік береді.
Әр шешім маңызды.
