«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің кәсіподақ ұйымы қызметкерлерді үнемі қолдап, олардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға және кәсіподақ қозғалысын нығайтуға үлес қосып келеді.
Кәсіби мереке қарсаңында денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мамандар марапатталды.
Жумагельдина Жанылхан Балтахуновна — «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің кардиология бөлімшесінің жоғары санатты дәрігер-кардиологы. Ол «ZdravAtameken» денсаулық сақтау субъектілері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жоғары наградасы — «Мамандыққа адалдығы үшін» медаліне ұсынылды.
Роза Рахимжанова — «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің кәсіподақ ұйымының төрайымы. Ол денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі және кәсіподақ қозғалысын нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Іс-шараға Абай облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Қуаныш Серказинович Сүлейменов және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Абай облысы филиалының өкілі Бекбаев Марат Кожахметович қатысты.
