«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің анестезиолог-реаниматолог мамандары отандық әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды!
Құрметті әріптестер, сіздерге күнделікті ерен еңбектеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз бен адам өмірін сақтап қалу жолындағы жоғары жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Барша анестезиолог-реаниматолог мамандарға зор денсаулық, кәсіби табыс, еңбектеріңізге береке және әр пациенттің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
