Университеттік госпиталі

Госпиталь жаңалықтары

Университеттік госпитальде қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

2026 жылғы 9 қазанда «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде қауіпсіздік мәселелеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинарға Университеттік госпитальдің қызметкерлері, «Семей медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушілері, сондай-ақ госпиталь аумағында тәжірибеден өтіп жүрген студенттер мен резиденттер қатысты. Жалпы қатысушылар саны 202 адамды құрады.

Оқыту барысында қауіпсіздіктің негізгі бағыттары қамтылды:

• өрт қауіпсіздігі;
• электр қауіпсіздігі;
• қауіпсіздік кодтары және олар бойынша іс-қимыл алгоритмдері;
• терроризмге қарсы іс-қимыл шаралары;
• төтенше жағдайлар туындаған кездегі қызметкерлердің әрекеттері;
• пациенттердің құлау жағдайларының алдын алу.

Сонымен қатар, ұлттық аккредиттеуге дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге аккредиттеу үдерісіндегі әрбір маманның жауапкершілігі, қауіпсіздік талаптарын сақтау және белгіленген алгоритмдерге сәйкес әрекет ету маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай оқыту семинарлары қызметкерлердің қауіпсіздік талаптары жөніндегі білімін жетілдіруге және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Госпиталь директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің госпиталь туралы пікіріңізді қалдырыңыз