Университеттік госпиталі

Госпиталь жаңалықтары

Университеттік госпиталь дәрігерлері республикалық конференцияға қатысты

2026 жылғы 24–26 қыркүйекте Алматы қаласында анестезиологтар мен реаниматологтардың «Анестезиология және қарқынды терапияның өзекті мәселелері: заманауи проблемалар және оларды шешу жолдары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция Қазақстаннан және шетелдерден 500-ден астам маманды біріктірді. Іс-шара аясында ғылыми баяндамалар, мастер-кластар, практикалық сабақтар өткізіліп, анестезиология, реанимация және қарқынды терапиядағы заманауи тәсілдер талқыланды.

Конференцияға Университеттік госпиталь атынан:
— медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары Журавлёв Евгений Геннадьевич;
— балалар қызметі бойынша директордың орынбасары Каримов Дулат Сагындыкович қатысты.

Анестезиолог-реаниматолог дәрігер Еламан Муканов «Балалардағы бас-ми жарақаты: анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіндегі клиникалық тәжірибе және емдеу нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады.

Госпиталь мамандарының осындай іс-шараларға қатысуы клиникалық тәжірибе алмасуға, заманауи тәсілдерді меңгеруге және медициналық көмектің сапасын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Госпиталь директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің госпиталь туралы пікіріңізді қалдырыңыз