2026 жылғы 23 қыркүйекте «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің балалар стационарында Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы мониторингтік тобының сапары өтті.
Мониторингтік топ құрамына:
— Абай облысы ДСБ ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша басшының орынбасары Орынбаева А.М.;
— Абай облысы ДСБ ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Солтанбекова А.М.;
— ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы Шотанова А.Т.;
— Абай облысының штаттан тыс бас эпидемиологы Серикбаева Р.И. кірді.
Сапар барысында мамандар балалар стационарының жұмысын ұйымдастырумен танысып, белгіленген талаптардың сақталуын бағалады және балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді талқылады.
Мониторинг қорытындысы бойынша жұмыстың негізгі бағыттары айқындалып, тиісті ұсынымдар берілді.
