«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің госпитальдық хирургия бөлімінде эндоскопиялық хирургия бағыты бойынша мастер-класс өтті.
Мастер-классқа Павлодар қалалық №1 ауруханасының эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, дәрігер-эндоскопист Жусупов Қуат Кабиоллинович арнайы қатысты.
Мастер-класс барысында механикалық сарғаю және іріңді холангит белгілері бар пациентке эндоскопиялық операция жасалды.
Диагноз:
Постхолецистэктомиялық синдром, гепатохоледохтың көптеген тастары, іріңді холангит, гепатохоледохтың тыртықты тарылуы, механикалық сарғаю, бауыр жеткіліксіздігі.
Жасалған операция:
Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ), холедохолитотомия, папиллотомия және гепатикохоледохты стенттеу.
Эндоскопиялық әдіс арқылы өт жолдарындағы тастар алынып, өттің ағуын қалпына келтіру және механикалық сарғаюды жою мақсатында стент орнатылды.
Мастер-класс заманауи эндоскопиялық әдістерді тәжірибе жүзінде меңгеруге, мамандар арасында тәжірибе алмасуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
