Университеттік аурухана

Аурухана жаңалықтары

Телемедицина: шекарасыз білім мен тәжірибе

Телемедицина: знания и опыт без границ

Заманауи медицинаны білім мен тәжірибені жедел алмасусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде қашықтыққа қарамастан мамандарды байланыстыратын тиімді құрал – телемедицина белсенді дамып келеді.

Телемедициналық технологиялардың арқасында госпиталь дәрігерлері жетекші республикалық және шетелдік клиникалардың мамандарымен қашықтан консультациялар өткізіп, күрделі клиникалық жағдайларды бірлесіп талқылайды, емдеудің оңтайлы тактикасын анықтап, пациенттер мүддесі үшін негізделген шешімдер қабылдайды.

Телемедицинаның тиімділігін консультациялар санының жыл сайын артуы да көрсетеді. Егер 2024 жылы госпиталь мамандары 57 телемедициналық консультация өткізсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 84-ке жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 35 телемедициналық консультация өткізілді. Бұл өзара іс-қимылдың осы форматына сұраныстың тұрақты екенін көрсетеді.

Телемедициналық консультациялар пациентті басқа медициналық ұйымға тасымалдау қажеттілігінсіз сараптамалық пікір алуға, маңызды клиникалық шешімдерді қабылдау уақытын қысқартуға және өңір тұрғындары үшін жоғары білікті медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Аурухана директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің аурухана туралы пікіріңізді қалдырыңыз