🌍 «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің нейрохирургия бөлімшесінің дәрігер-нейрохирургі Сансызбай Нұрсұлтан Сансызбайұлы Жапонияда халықаралық тағылымдамадан өтуде.
📍 6–20 шілде аралығында оқу Жапонияның Нагасаки префектурасы, Омура қаласындағы Нагасаки ұлттық медициналық орталығында өтуде.
Тағылымдама тақырыбы: Vascular Neurosurgery: Surgical and Endovascular Treatment of Intracranial Aneurysms, Arteriovenous Malformations (AVMs), and Ischemic Strokes.
Бағдарлама аясында маман заманауи тамырлық нейрохирургия саласындағы практикалық білімі мен дағдыларын жетілдіруде. Атап айтқанда, бассүйекішілік аневризмаларды, артериялық-веналық мальформацияларды (AVM) және ишемиялық инсультті хирургиялық әрі эндоваскулярлық емдеу әдістерін меңгеруде.
Халықаралық ынтымақтастық пен үздіксіз кәсіби даму дәрігерлерімізге әлемдік озық технологиялар мен заманауи емдеу әдістерін клиникалық тәжірибеге енгізіп, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Нұрсұлтан Сансызбайұлына сәтті оқу, жаңа кәсіби жетістіктер және алдағы жұмысына толағай табыс тілейміз!

