🇰🇿 Әрбір азаматтың сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек алуға құқығы бар.
1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді.
Конституция – адам құқықтары мен бостандықтарының, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы негізгі кепілдіктердің берік негізі. Біз әрбір пациентке қолжетімді, сапалы және заманауи медициналық көмек көрсету қағидатын ұстанамыз.
Университеттік госпиталь – тәжірибелі мамандар, инновациялық технологиялар және пациентке деген жауапкершілік тоғысқан мекеме. Біздің басты мақсатымыз – халық денсаулығын нығайту және әрбір адамның өмір сапасын жақсартуға үлес қосу.
