1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің әкімшілігі мен медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия кафедрасының бірлескен қолдауымен ұйымдастырылды.
Кішкентай пациенттер үшін мерекелік бағдарлама әзірленіп, госпитальде ем алып жатқан балаларға сыйлықтар табысталды.
Балалардың шат күлкісі мен шынайы қуанышы – осы мерекені ұйымдастыруға атсалысқан жандар үшін ең үлкен марапат. Барша бүлдіршіндерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз!



