«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің нейрохирургия бөлімінде Астана қаласындағы Нейрохирургия орталығы мамандарының қатысуымен мастер-класс өтті.
Іс-шара аясында мамандар жамбас ағзаларының қызметі бұзылған пациенттерді емдеудің заманауи тәсілдерін қарастырды. Нейростимуляция технологияларын қолдануға және оларды клиникалық тәжірибеде пайдаланудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Мастер-классқа Университеттік госпитальдің нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Смаилов Наиль Сергалиевич те қатысты.
Мұндай іс-шаралар мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасуға, заманауи медициналық технологияларды меңгеруге және пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәсілдерін жетілдіруге ықпал етеді.
Кәсіби ынтымақтастықты дамыту және заманауи технологияларды енгізу — медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызды бағыттары.
