Университеттік госпиталі

Госпиталь жаңалықтары

Қауіпсіздік кодтары: сары код — биологиялық сұйықтықтар

«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде ұлттық аккредиттеуге дайындық жұмыстары жалғасуда.

Дайындық аясында қызметкерлерге түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік кодтары мен іс-қимыл алгоритмдеріне арналған ақпараттық бейнематериалдар әзірленді.

САРЫ КОД — БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҚТАР

Бұл материалда биологиялық сұйықтықтар төгілген кездегі қызметкерлердің іс-қимыл алгоритмі, оның ішінде қауіпті аймақты шектеу, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану, төгілген сұйықтықты қауіпсіз жинау, залалсыздандыру және қалдықтарды белгіленген тәртіппен кәдеге жарату шаралары көрсетілген.

Ақпараттық материалдар қызметкерлерге белгіленген іс-қимыл алгоритмдерін меңгеруге және бекітуге мүмкіндік береді. Бұл пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.

Бөлісу:

Навигация мәзірі

Госпиталь директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің госпиталь туралы пікіріңізді қалдырыңыз