«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде хирургия бағыты бойынша мастер-класс өтті.
Мастер-классқа Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың хирургиялық қызметінің жетекшісі Абдыкаримов Ануар Маратович арнайы қатысты.
Мастер-класс барысында өңеш кардиясының II дәрежелі ахалазиясы диагнозы қойылған пациентке хирургиялық операция жасалды.
Жасалған операция:
Геллер бойынша кардиомиотомия және Дор бойынша фундопликация.
Операция барысында өңештің төменгі сфинктері аймағындағы бұлшықет қабаты кесіліп, тағамның өңештен асқазанға еркін өтуін қамтамасыз ету мақсатында кардиомиотомия жүргізілді. Операцияның келесі кезеңінде асқазан құрамының өңешке кері өтуінің алдын алу мақсатында Дор бойынша фундопликация жасалды.
Мастер-класс заманауи хирургиялық әдістерді тәжірибе жүзінде меңгеруге, мамандар арасында тәжірибе алмасуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
