Әрбір баланың сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек алуға құқығы бар. Балалардың денсаулығын сақтау – қоғамның жарқын болашағына жасалған маңызды инвестиция. Сондықтан біз әрбір кішкентай пациентке қолжетімді, заманауи және дәлелді медицина қағидаттарына негізделген медициналық көмек көрсетуге ұмтыламыз.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында балаларға консультациялық-диагностикалық көмек, зертханалық және аспаптық зерттеулер, мамандандырылған емдеу, оңалту және басқа да медициналық қызметтер қолжетімді. Бұл әрбір баланың қажетті медициналық көмекті уақытылы алуына және денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Университеттік госпитальдың педиатриялық қызметі – тәжірибелі дәрігерлер, заманауи диагностикалық және емдеу технологиялары, сондай-ақ бала мен оның отбасының қажеттіліктеріне бағытталған кешенді медициналық көмектің үйлесімі.
Біздің басты мақсатымыз – өңір балаларының денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу және әрбір баланың толыққанды әрі бақытты өмір сүруіне жағдай жасау.
