2026 жылғы 28 сәуір күні «СМУ» КеАҚ Университеттік госпиталь қабырғасында Смагулов Шалқар Жұмағазыұлы — ҚР ПІБ МБО №5 хирургиялық бөлімінің аритмолог-дәрігері (Астана қ.) жетекшілігімен мастер-класс өтті.
Іс-шара аясында жүрек ырғағы бұзылыстары бар 2 науқасқа радиожиілікті катетерлік абляция (РКА) әдісімен сәтті операция жасалды.
РКА — кардиологияда кеңінен қолданылатын, аритмияның әртүрлі түрлерін, соның ішінде жүрекшелер фибрилляциясы мен тахикардияларды емдеуге арналған заманауи жоғары технологиялық аз инвазивті процедура. Бұл әдіс радиожиілікті импульс арқылы жүректегі патологиялық ошақтарға дәл әсер етіп, қалыпты жүрек ырғағын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
РКА артықшылықтары:
• жалпы наркозсыз жүргізіледі
• тамыр пункциясы арқылы орындалады
• жоғары тиімділікке ие
• науқастардың тез қалпына келуіне ықпал етеді
Мұндай мастер-класстар жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және заманауи емдеу әдістерін тәжірибеге енгізуге ықпал етеді.
Смагулов Шалқар Жұмағазыұлына құнды тәжірибесі, кәсібилігі және аритмологиялық қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.



