«Әрекет өмірді сақтайды» — деген ұранмен бүгін «СМУ» КеАҚ Университеттік госпиталінде Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне арналған конференция өтті.
Іс-шараға УГ медициналық қызметкерлері, сондай-ақ «СМУ» КеАҚ УГ инфекциялық бақылау қызметінің мамандары қатысты. Конференция барысында инфекциялардың алдын алу мәселелері, қол гигиенасы ережелерін сақтау маңыздылығы және пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әрбір медицина қызметкерінің рөлі талқыланды.
Іс-шараның ерекше бөлігі ретінде қол гигиенасы мен қолды дұрыс өңдеуге арналған флешмоб өтті. Бұл қарапайым әрекеттердің күн сайын адам өмірін сақтап қала алатынын тағы да еске салды.
Таза қол — қауіпсіздік, денсаулық және кәсіби жауапкершіліктің кепілі!
#WHHD2026 #HandHygiene #WorldHandHygieneDay



