Университетский госпиталь

Новости госпиталя

Медбикелер күніне арналған мерекелік концерт

2026 жылдың 12 мамыр күні Университеттік госпиталь КеАҚ «СМУ»-де Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті 💙

Мерекелік іс-шара барысында мейіргерлердің денсаулық сақтау саласындағы елеулі еңбегі мен кәсібилігі ерекше аталып өтіп, бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Іс-шарада КеАҚ «СМУ» Басқарма төрағасы – Ректор Дюсупов Алтай Ахметкалиевич құттықтау сөз сөйлеп, мейіргерлердің адам өмірін сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Университеттік госпитальдың бас дәрігері Азизов Бауыржан Слямович марапаттар табыстап, сала мамандарына алғысын білдірді.

Сонымен қатар, Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Орынбаева Әсем Маратовна құттықтау сөз сөйлеп, грамоталармен марапаттады.

Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің директоры Тоқтаров Ернар Нұрланбекович пен Университеттік госпиталь кәсіподақ ұйымының төрайымы Нурланова Роза Рахимжановна да қызметкерлерге алғыс хаттар мен грамоталар табыстады.

Іс-шара барысында Абай облысы «Senim» денсаулық сақтау салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Бекбаев Марат Кожахметович те мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады.

✨ Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мейіргерлердің еңбегі — құрмет пен алғысқа лайық! 🌷

Поделиться:

Меню навигации