Университеттік аурухана

Ересектер стационарының хирургиялық бөлімі

Ересектер стационарының хирургиялық бөлімі

КеАҚ «СМУ» Университеттік госпиталінің ересектер стационарының хирургиялық бөлімі – хирургиялық аурулардың кең спектрі бар пациенттерге мамандандырылған және жоғары білікті медициналық көмек көрсететін негізгі клиникалық бөлімшелердің бірі болып табылады. Бөлім 43 төсекке есептелген, оның ішінде жалпы хирургиялық бейіндегі төсек-орындармен қатар іріңді және проктологиялық патологиясы бар пациенттерге арналған мамандандырылған төсектер бар. Медициналық көмек тәулік бойы – шұғыл және жоспарлы тәртіпте көрсетіледі.

Бөлім госпитальдің ересектер стационары базасында орналасқан және заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Құрамында таңу және емшара кабинеттері, дәрігерлер ординаторлық бөлмесі, мейірбике посты және пациенттерді емдеуге қолайлы жағдай мен медициналық персоналдың тиімді жұмысын қамтамасыз ететін қосалқы бөлмелер бар. Бөлімнің негізгі бейіні – кеуде және құрсақ қуысы ағзаларының аурулары, жұмсақ тіндердің іріңді аурулары, қалқанша без патологиясы, іштің алдыңғы қабырғасының жарықтары, сондай-ақ проктологиялық аурулар кезінде көмек көрсету болып табылады. Дәрігерлер қала мен өңір тұрғындарына хирургиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ете отырып, тұрақты түрде шұғыл кезекшіліктер атқарады.

Бөлімде ұжымы үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардан тұрады. Команда құрамында жоғары және екінші санатты хирург-дәрігерлер, оның ішінде медицина ғылымдарының кандидаты және PhD дәрежесі бар мамандар бар. Бөлімшені көп жылдық тәжірибесі бар, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты басқарады. Орта медициналық персонал да жоғары кәсіби дайындық деңгейіне ие, бұл емдеу үдерісінің үздіксіздігі мен сапасын қамтамасыз етеді.

Жыл сайын бөлімде 2000-нан астам пациент ем алады және 2000-нан астам хирургиялық операция жасалады. Операциялар спектрі жедел хирургияны (жедел аппендицит, ішек өтімсіздігі, қысылған жарықтар, жедел холецистит, қан кетулер мен жарақаттар) және жоспарлы араласуларды қамтиды. Олардың ішінде асқазан, ішек, бауыр, өт жолдары, ұйқы безі, қалқанша без операциялары, сондай-ақ проктологиялық операциялар мен герниопластика бар. Қазіргі заманғы хирургиялық тәсілдер, соның ішінде лапароскопиялық технологиялар белсенді қолданылады.

Бөлім жұмысының көрсеткіштері медициналық көмектің жоғары тиімділігі мен сапасын дәлелдейді: жыл сайын 2100-ден астам пациент жатқызылып емделеді, өлім-жітім деңгейі төмен, операциядан кейінгі асқынулар жиілігі минималды деңгейде. Пациенттердің стационарда болу ұзақтығы оңтайландырылған, бұл емдеу тиімділігі мен емдеу процесінің дұрыс ұйымдастырылғанын көрсетеді.

Бөлімде хирургия кафедрасымен тығыз байланыста жұмыс істейді, бұл заманауи ғылыми жетістіктерді клиникалық тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді. Жетекші ғалымдардың басшылығымен семинарлар, клиникалық талдаулар, консилиумдар және күрделі операциялар тұрақты түрде өткізіледі. Бөлім қызметкерлері ғылыми жұмыстарға қатысады, мақалалар жариялайды, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізеді, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған рационализаторлық ұсыныстар әзірлейді.

КеАҚ «СМУ» Университеттік госпиталінің хирургиялық бөлімі мамандардың жоғары кәсібилігін, заманауи технологияларды және ғылыми тәсілді ұштастыра отырып, пациенттерге қауіпсіз, тиімді және уақтылы медициналық көмек көрсетеді.

Навигация мәзірі

Аурухана директоры туралы қосымша ақпарат

Біздің пациенттерімізге қажет нәрсенің бәрі

Біз барлық шағымдар мен ұсыныстарды қарастырамыз

Біздің аурухана туралы пікіріңізді қалдырыңыз